Қарағандыда 46 жастағы ер адамға найзағай түсіп көз жұмды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қарағандыда аялдамада отырған ер адамға найзағай түсті. Соның салдарынан ол отырған жерінде мерт болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Майқұдықтағы "Голубые пруды" аялдамасында болған. Куәгерлер ер адамды найзағай соққанын айтады. Әзірге полицейлер бұл нұсқаны растаған жоқ. Ведомство өкілдері өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болатынын жеткізді.
"Мәйіттің табылғаны туралы дерек тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталды, ол 1977 жылы туған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның өлімінің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Мәліметтерді кейінірек хабарлаймыз", - деді баспасөз қызметіндегілер.