Tuesday, 23 April,2024

Қарағандыда 62 жастағы әйелді экскаватор қағып өлтірді

Алмас Абылай
Фото t.me/POLICE_of_KZ

Қарағандыда жаяу жүргіншіні экскаватор қағып кетті. 62 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, қайғылы оқиға 29 наурызда Магнитогорск көшесінің бойында болған. Экскаватор 62 жастағы әйелді қағып өлтіргеннен кейін оның жүргізуші оқиға орнынан із суытыпты. Полиция жедел іздестіру шаралары барысында 61 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің үстінен ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын