Saturday, 23 November,2024

Қарағандыда адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі ақталып шықты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда 45 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қайғылы оқиға былтыр қараша айында болған еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағанды облысы ПД бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылған.

"Біз қажетті автотехникалық сараптамалар, тергеу эксперименттерін жүргіздік. Осы ЖКО-ны түсірген бейнебақылау камерасынан, серверден бейнежазба алынды. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде және сот сараптамасының қорытындысы негізінде тергеу автобус жүргізушісінің жаяу жүргіншімен соқтығысудың алдын алуға мүмкіндігі болмаған деген қорытындыға келді. Прокуратура келісімі бойынша, бұл қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Санжар Әділов.

Ұсынылатын