Sunday, 24 November,2024

Қарағандыда автобус зейнеткерді қағып өлтірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағандыда 71 жастағы зейнеткерді автобус қағып өлтірді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға вокзал маңындағы алаңда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, №19 автобустың 46 жастағы жүргізушісі реттелмейтін өткелде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

“Жол апаты салдарынан 71 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіні полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын