Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап мерт болды
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото pixabay
                                                        Қарағандыда екі жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info
Қарағанды облыстық ТЖД хабарлауынша, қайғылы жағдай 9 мамырда болған. Үлкендердің қарауынсыз қалған екі жастағы бала терезеден құлап, көз жұмды. Ол алған жарақаттан оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеді.
            


