Қарағандыда келіншекті тура үйінің алдында соққыға жыққан күдікті ұсталды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Қарағандыда әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полиция дерегіне сүйенсек, 25 тамыз күні түнгі уақытта криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлерінің Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұстаған.
Күдікті облыстық полиция департаментіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салайық, бұған дейін тура үйінің алдында белгісіз ер адамның келіншекті ұрып жатқан бейнежазбасы тараған болатын.