Қарағандыда көпқабатты тұрғын үй өртке оранды
Алмас Абылай
Фото Ekaraganda.kz
Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан өрт шықты. Төтеншеліктер абыроай болғанда ондағы тұрғындарды құтқарып үлгерген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқиға кеше кешқұрым тіркелді. Ekaraganda.kz сайтының жазуынша, Локомотивная көшесі, 153 мекенжайындағы тұрғын үйдің пәтерінде өрт шыққан. Құтқарушылар өртенген пәтерден екі әйел мен бір баланы алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру қызметі бірінші қабаттағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр жер жанып жатқанын анықтады. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің күштері түтін басқан кіреберістен тұрғындарды құтқарып, эвакуациялады.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.