Қарағандыда полиция бөлімінің бастығы пара алып жатқан жерінен ұсталды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Қарағандыда 170 мың теңге пара алған полиция подполковнигі ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ҰҚК департаменті мен Қарағанды облыстық ПД бірлесіп өткізген жедел шарасы барысында пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды. Оқиға 3 маусымда болған.
“Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыратын болады”, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.