Friday, 22 November,2024

Қарағандыда қатты дауылдан жүзден астам ғимаратқа зақым келді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды облысында облыс әкімінің пәрменімен төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, 18–19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттардың шатырлары мен қабырға қаптамаларының зақымдануы тіркелген. Қазіргі уақытта құтқарушылар зақым келген ғимараттарды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

“Қираған шатырлардың жалпы ауданы 18 947 шаршы метрді құрады. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіріліп қалды. Қазіргі уақытта облыстың елді мекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған, үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабарлама келіп түсті”, – деді Мұрат Қатпанов.

Ұсынылатын