Қарағандыда Ресей азаматы 4 жасар қызды ұрлап кетті

Қарағандыда 34 жастағы Ресей Федерациясының азаматы 4 жасар қызды көлікпен ұрлап кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz жазуынша, Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы 4 жасар қызын көлікпен ұрлап кеткен.
Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" сәйкес тіркелді.
13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.
Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде.