Monday, 16 September,2024

Қарағандыда сәбиді далада тастап кеткендер ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда нәрестені далада тастап кету дерегі бойынша күдікке ілінген екі адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми арнасы жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жас нәрестені далада тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адаммен 22 жастағы азаматша ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталуда”, — деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.

Ұсынылатын