Monday, 25 November,2024

Қарағандыда уланған балалардың жағдайы қалай? Министр жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Бүгінгі таңда 13 баланың алтауы ауруханада жатыр. Олардың жағдайы ауыр. Балалар реанимация, қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды. Екеуінің жағдайы ауыр әрі тұрақсыз. Сот-медициналық сараптамасы әлі аяқталған жоқ, қорытынды шығарылмады. Балалар емделуде. Дәрігерлер болжам жасамайды, бірақ алты баланың төртеуі жақсарып келеді», - деп түйіндеді министр.

Естеріңізге сала кетейік,  30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болған еді.

Ұсынылатын