Thursday, 19 September,2024

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіге іздеу жарияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деп күдікке ілінген ер адам туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағанды облысында 1987 жылы 6 желтоқсанда туған Нұрболат Дәкебаевқа қатысты іздеу жарияланды. Ол жедел жәрдем жүргізушсін соққыға жығып, соның салдарынан жәбірленушіге айтарлықтай зақым келген болатын. Қазіргі уақытта мұрны сынып, қабырғасы шытынаған жүргізушісі ауруханада ем қабылдап жатыр. Осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің қайда жасырынғаны белгісіз. Іздеу жалғасып жатыр.

Ұсынылатын