Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға қылмыстық іс қозғалды
Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамды полицейлер іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде тараған видео қоғамды тіксінтіп тастаған болатын. Онда белгісіз ер адамның жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қол жұмсағанын көруге болады. Күдіктіге полицейлер іздеу жариялады.
"Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтірген қарағандылық тұрғынды анықтады. Оны ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.