Friday, 22 November,2024

Қарағандыда жүкті әйелін ұрып-соғып, бөтен еркекпен төсектес болуға мәжбүрлеген ер адам жазадан құтылып кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қарағандыда бірге тұратын жүкті әйелді ұрып соғып, бөтен еркекпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға сот үкім кесті. Ол осы әрекеті үшін жеңіл жазамен құтылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданының соты жүкті әйелге зорлық көрсеткен ер адамға үкім кесті. Ол 3 жылға сотталған. Дей тұрғанымен жәбірленушінің адвокаты бұл шешіммен келіспейтінін айтып, дабыл қағуда.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 123-бабы "Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету" бойынша сотқа жіберілген. Жәбірленушінің адвокаты сотталушы шынымен де әйелді досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін дәлелдеуге тырысты. Бірақ барлық уәжге қарамастан, сот сотталушының кінәсін дәлелденбеген деп тапты. Жәбірленушінің адвокатының айтуынша, ол күдіктіні 121-бап "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша жауапқа тартуды талап еткен.

Кейіннен аудандық соттың баспасөз қызметі ақтау үкіміне қатысты түсініктеме берді. Яғни жәбірленуші қылмыстың объективті жағын аша алмай, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау әдісін, атап айтқанда, бопсалаудың қалай болғанын толық сипаттап бермеген.

"Бопсалау әрекеті және жәбірленушінің жүкті жағдайын пайдалану қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Сот айыптау ісінде көрсетілген мән-жайларды, сондай-ақ ұсынылған дәлелдемелерді назарға алды. Барлығын ескере отырып, іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың жоқтығына байланысты айыптау бабы бойынша сотталушыларды ақтау туралы шешім шығарылды", - делінген сот баспасөз қызметінде.

Ұсынылатын