Saturday, 23 November,2024

Қарағандыдағы жарылыс: екі адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Бұқар-жырау ауданына қарасты Ботақара кентінде болған жарылыстан 2 адам мерт болды. Жарылыс көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен шыққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке орай екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасылары және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында” -  деп жазды Facebook парақшасында аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.

Айта кетейік, жарылыс 30 қаңтарда болған еді. Құтқарушылар үйінді астынан бірнеше адамды алып шықты. Бірақ екі адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ұсынылатын