Қарағандылық тұрғындар педофилдің жолын кесті
Қарағандыда 34 жастағы ер адам балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетпекші болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қарағанды облыстық ПД мәліметінше, күдікті туралы хабарламаны 102 пультіне көпқабатты үйдің тұрғындары түсірген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам балаларға қысым көрсетіп, жыныстық қатынасқа мәжбүрлемекші болған. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 34 жастағы ер адамды ұстады. Оның үстінен ҚК 24 бабы 3 тармағы -121 бабының 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
“2 сәуірде Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне көп қабатты үйлердің ауласының бірінде белгісіз біреу балаларға тиіскені туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына келген жедел-тергеу тобымен күдіктінің балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсетпекші болғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамалды”, - делінген хабарламада.