- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Қарапайым халыққа обал”. Белгілі асаба той жасағыш қазаққа үндеу тастады
“Қарапайым халыққа обал”. Белгілі асаба той жасағыш қазаққа үндеу тастады
Айтыскер ақын, белгілі асаба Асхат Қылышбек қазақтың тойына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, 20,30,40 жасты дүркіретіп жасаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы айтыскер ақын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда Асхат Қылышбек бей-берекет той жасаудың зиянына тоқталған.
“Мұны айту түгіл маған ойлауға да болмайды негізі. Той менің де неше жылдап жолға қойған бизнесім. Бірақ той болмаса да Алла несібемізді береді. Карантинде тойсыз да аштан өлген асаба болған жоқ!
Сонымен, той сезоны басталып жатыр. Тойға қонақтар ештеңе әкелмесе шіркін... Шамасы жеткендер той жасап, дастархан жайсын жақындарына. Батасын алсын! Сауабын алсын! Ақшасын емес... Ол ақша бәрібір той иесіне де пайда емес, ресторанды жабуға жетсе жақсы. (Қазір Алматыда адам басына 15 000 нан кем тойхана жоқ. Жұбымен барған қонақ 30 мыңнан кем апарса ұят. Ал айлығы 100-200 мың тг. Айына 10 той шақырады жазда көресің! Үйіне не қалды сонда?)
Жарайды, үйлену тойға жас отауға көмек ретінде берсін аямай сыйлық. (Қаржылай) Мейлі, сүндет тойға да... Басқа тойларға қонақтар тегін келіп, демалып қайтса ғой. Сонда ресторан қожайыны мен әртістерді асырайтын қаптаған тойлар азаяр ма еді дейді бір ойым. (Ол ойды салған Жасұлан Әбдіхалық брат)
Осы үндеуімді тойларыңда айтып тарата жүріңдерші, өтініш! Бәлкім ел қолдап кетер. Әйтпесе 20, 30, 40 жас той не керек? Тойдың түр түрі бар қазір. (Мысығының туған күніне де той жасағанды көрдік қой желіден.) Қарапайым халыққа обал шынында”, - деп жазды Асхат Қылышбек.