Thursday, 19 September,2024

Қарақшылық шабуыл жасап, 40 млн теңгені қолды қылған күдіктілер ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Алматы облысының полицейлері қарулы шабуылдың барлық қатысушыларын ұстады.

Ағымдағы жылдың 8 қазанында Жамбыл ауданы ПБ-ға үш адамнан тұратын белгісіз қарулы адамдардың Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен қырық миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражаты, алтын әшекейлері және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде 1982, 1986 және 1999 жылғы үш күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан - жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым”, - деп жазды Бауыржан Әленов.

Ұсынылатын