Sunday, 8 December,2024

Қарасай ауданындағы архитектура, жер қатынастары, АХАЖ ғимараты өртеніп кетті

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Алматы облысының Қаскелең қаласында орналасқан Қарасай ауданының архитектурасы, жер қатынастары, АХАЖ ғимаратының күлі көкке ұшты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өрт 8 маусымда сағат түскі 14:30 шамасында басталған. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау ғимаратқа жақын орналасқан дәмханадан бастау алуы мүмкін. Оқиға орнына өрт сөндірушілер бір сағатқа кешігіп жеткен.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан адамдар зардап шекпегенімен, ғимараттағы құжаттардың барлығы күлге айналды. Өрттің нақты неден шыққанын мамандар жіті тексеріп жатыр.

«Өрт дәмхананың әжетханасынан басталды. Соның артында ЗАГС, жер қатынастарының ғимараты орналасқан. Ғимарат толықтай өрт астында қалды. Өртті байқаған бетте бірден өрт сөндіру қызметіне хабарластық. Алайда олар бір сағат кешігіп келді. Сағат кешкі 17.00 болса да, қызыл жалын әлі толық сөндірілген жоқ», – дейді куәгерлер.

Ұсынылатын