Қариялар азайып бара жатыр: Елімізде 60 жастан асқандар саны анықталды
Алмас Абылай

Елімізде 60 жастан асқан адам саны қанша екені анықталды. Ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дерекке сүйенсек, елімізде жасы 60-тан асқан 2 616 515 адам бар. Бұл еліміздегі жалпы халық санының 13,2 пайызы.
Оның ішінде ер адамдар саны 1 031 051 адам болса, әйел кісілер – 1 585 064.
Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласында – 288 922 адам. Мұнан кейін Қарағанды – 200 186 болса, Түркістанда – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.