Sunday, 8 December,2024

Қармағын қапқан бір балық, ШҚО тұрғынының 3 млн теңгеге қалтасын қақты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына Бұқтырма өзенінен бір балық ұстағаны үшін 3 миллион 105 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Уk-news.kz сайтының жазуынша, жергілікті тұрғын салмағы 4,2 болатын тайман балығын ұстаған. Енді сол бір балық үшін ол мемлекетке 3 миллион 105 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Айта кетейік, тайман - Қызыл кітапқа енген балық. Оның үстіне, уылдырық шашу маусымына байланысты өзен, көлдерден балық аулауға қатаң тыйым салынған. Алайда ұсталған ер адам бұл ережелердің бірін білмейтін болып шықты.

Ұсынылатын