Қарқаралыда 150 жылдық тарихы бар ғимарат өртеніп кетті
                     Алмас Абылай 
                     
  
                     
  
                
                 Фото Видеодан кадр
                         Фото Видеодан кадр
                                                        Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында 1876 жылы ағаштан салынған ғимарат өртке оранды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқиға 1 сәуір кешкі сағат 18:25-те тіркелген. Дерекке сүйенсек, ғимаратта аудандық аумақтық инспекциясы және аудандық ветеринариялық инспекция мекемелері орналасқан.
"Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласы әкімі аппараты" ММ балансындағы 1876 жылы салынған ағаш ғимарат өртенуде. Отты сөндіруге 3 өрт сөндіру техникалары жеке құрамдарымен және жергілікті атқарушы органынан 1 су тасымалдаушы техника жұмылдырылды", - делінген ақпаратта.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


