Friday, 22 November,2024

Қарсыласын қуалап жүріп сабаған Талғат Сырымбетов IBA президентінен көмек сұрады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіліс тапқан қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов төрешілердің шешімімен келіспей, IBA президентінен көмек сұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Telegram-дағы BEK Sport арнасының хабарлауынша, қазақстандық боксшы әділетсіздіктің құрбаны болған. Ол жоғарыдағылардан қайран болмаған соң, IBA президенті Умар Кремлевке өзі наразылығын білдірді.

"Құрметті Умар Назарұлы, сізден Иордания боксшысымен болған жекпе-жекті көруіңізді сұраймын. Дұрыс шешім шығатынына мүдделімін, өйткені жеңіс әділетсіз түрде қарсы тарапқа берілді. Өз атымнан сізге өтініш жасаймын. Құрметпен, Талғат Сырымбетов, - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Талғат Сырымбетов 1/16 финалда иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехке есе жіберген болатын. Төрешілердің бұл күмәнді шешімі қазнеттің наразылығын туғызған еді. Uaqyt.info Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты туралы үздіксіз жазып жатыр.

Ұсынылатын