Saturday, 23 November,2024

Қарсыласына тыйым салынған әдісті қолданған Елдос Сметов жарыстан шеттетілді

Uaqyt.info
Фото olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Елдос Сметов ширек финалда ұтылды. Кейін спортшының жұбаныш белдесуіне де қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Сметов грузиялық Георгий Сардалашвилиге ескерту саны бойынша есе жіберген еді. Бас бапкер Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, ол қарсыласына тыйым салынған әдісті қолданған.

"Елдос Сметов ширек финалда қарсыласының мойнын бұрап жіберді. Бұл әдіске дзюдода тыйым салынған, себебі, спортшының денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан, төреші Сметовке "хансоку-маке" берді. Бұл ескертуден кейін спортшы жарысты жалғастыра алмайды. Елдостың жұбаныш белдесуіне қатыспау себебі осы. Жалпы, Елдостың дайындығы жаман емес. Жарақатының да беті бері қарап қалғандай. Ташкент  турнирін жетінші орынмен аяқтап отыр", - деді бас бапкер.

Елдос Сметов дзюдодан әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері.

Ұсынылатын