Monday, 16 September,2024

Қартайғанда құтыру ма? 104 жастағы әжей парашютпен секірді

Алмас Абылай
Фото АР

Чикагода 104 жастағы әжей ұшақтан парашютпен секіріп рекорд жаңартты. Бұған дейін бұл рекорд 103 жастағы швециялық кейуанаға тиесілі еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

АР агенттігі дерегіне сүйенсек,  әжей 4100 метр биіктен секірген.

"Адамның жасы – жай ғана сандар", - дейді Дороти Хоффнер жексенбі күні парашютпен секіріп, табаны жерге тиген кезде.

Ол Чикагодан оңтүстік-батысқа қарай 85 миль (140 шақырым) қашықтықта жерге қонды.

Ең кәрі парашютшы ретінде Гиннес рекордын 2022 жылдың мамыр айында швециялық 103 жастағы Линниа Ингегард Ларссон орнатқан болатын. Енді Чикаголық Дороти Хоффнер бұл көрсеткішті жаңартып отыр.

Ұсынылатын