Қарттардың 12 млн теңгесін жымқырған мекеме басшысы ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ұлытау облысындағы әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектердің ақшасын ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, әлеуметтік мекеменің басшысы мен қызметкерлерінен құралған бір топ қарттардың қалтасын қағумен айналысқан. Олардың үстінен ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал мекеме басшысы уақытша ұстау абақтысына қамалған.
“Әлеуметтік мекемеде, сондай-ақ іс фигуранттарының тұрғылықты мекенжайында санкцияланған тінту жүргізу кезінде қарттардың 799 мың теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді”, - делінген хабарламада.