- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Қару, есірткі, жарылғыш заттар сақтаған: “Алтын орда” базарының басшысы ұсталды
Қару, есірткі, жарылғыш заттар сақтаған: “Алтын орда” базарының басшысы ұсталды
Алматыдағы “Алтын орда” базары директорының орынбасары ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде қару және жарылғыш заттар табылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек тасжолында «BMW» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту барысында бір жолаушыдан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат, басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапанша анықталып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіледі. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Қазір оған қатысты "қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.