Sunday, 24 November,2024

Қарыздың кесірі: Жетісу ауданындағы Сарыөзек ауылы сусыз қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылының 15 мыңнан астам тұрғыны сусыз қаталап отыр. Бұған себеп – тұрғындардың уақытында ақша төлемеуі. Жалпы қарыз көлемі - 20 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Сорғы станцияларына энергия беру тоқтатылды. Оған "Күреңбел су ПВХ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының "Жетісу Энерготрейд" ЖШС алдындағы қарызы себеп болды. Бүгінгі күні берешегі 20 млн теңгеден асады. Сарыөзек кентінде тұрғындармен әңгіме жүргізіліп, нәтижесінде 132 мың теңге өндірілді. Бүгінгі таңда ауылдағы жеке тұлғалардың қарызы 10 миллион теңгеден астам, ал шаруашылық субъектілерінің қарызы 10 миллионнан астам теңгені құрап отыр", - деп хабарлады Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, судың қашан берілетіні әзірге белгісіз. Тұрғындар да тұтынған суға ақша төлеуге құлықсыз көрінеді.

Ұсынылатын