Saturday, 23 November,2024

Қаржы пирамидасын құрып, 600 адамды тақырға отырғызған Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

2020 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық азамат Грузияда қолға түсті. Оған қаржы пирамидасын құрды деген айып тағылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы ұсталды.

Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші болып танылған. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Ұсынылатын