Saturday, 20 April,2024

"Қаш, қаш..." Қораға кірген аюды қумақшы болған топ жігіт жыртқыш қарсы шапқанда естері шықты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте қораға кірген аюды топ болып қумақшы болған азаматтың бейнежазбасы тарады. Бірақ жыртқышты қорқытамын деген жігіттердің әрекеті керісінше аяқталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода қораның төбесінде жүрген бір топ азаматты көруге болады. Қолдарында ағаш секілді сан түрлі зат бар. Олар айғайлап аюды қууға әрекеттеніп жүр.

Бірақ жігіттердің бұл әрекеті керісінше аяқталды. Ашулы аю оларға тап берді. Тіпті қораның төбесіне жүгіріп шыққан.

Тым-тырақай қашқан азаматтар "қаш, қаш" деп айлайлап жүргенін естисіз.

Әзірге бұл жағдайдың қайда және қашан болғаны белгісіз.

Ұсынылатын