Friday, 22 November,2024

Қасиетті Құран кітабын өртеген азаматты қандай жаза күтіп тұр?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркия елшілігінің алдында қасиетті кітапты өртеп жіберген даниялық Расмус Палуданы Швеция прокуратурасы сырттай тұтқындады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Aftonbladet газетінің жазуынша, «Қатаң курс» ультраоңшыл партиясының жетекшісі, дат радикалы Расмус Палуданы Швеция прокуратурасы сырттай тұтқындауға пәрмен берген. Яғни, күдікті Швеция шекарасынан өткеннен кейін бірден ұсталады.

Айта кетейік, қасиетті Қоранды Расмус Палуда бірінші мәрте өртеп отырған жоқ. Ол мұндай акцияларды бұған дейін де бірнеше рет жасаған. Оның бұл әрекеті қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Ұсынылатын