Sunday, 8 September,2024

Қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген малшы жауапқа тартылды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Ғаламторда қасқырды шынжырмен сабап жатқан ер адамның видеосы қызу талқыланған болатын. Ақтөбе облысының полициясы 37 жастағы малшыны ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қасқырды өлтірген ер адамның үстінен ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша іс қозғалып, соталды тергеу басталды. Ол мұндай қадамға малын қорғау мақсатында барғанын айтқан.

Оның айтынша, түз тағысы жайылымда жүрген малға шабуыл жасаған көрінеді. Айта кетейік, қасқырды шынжырмен сабап жатқан видео әлеуметтік желіде көптің наразылығын туғызған болатын.

Ұсынылатын