Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келе жатыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді”, - деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, Алматыда қуаты 5 балл болатын жер сілкінісі тұрғындардың зәресін алды.