- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы хабарлады. Онда Президентке сенім грамоталарын Малайзия елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукар тапсырғаны жазылған.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Үкіметі оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің аталған мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтты.
Рәсім соңында Президент елшілердің алдағы қызметіне табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.