Monday, 16 September,2024

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан шағын құрамда келіссөз өткізді

Uaqyt.info
Фото Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

“Құрметті Премьер-министр мырза, ең алдымен, қазақ жеріне қош келдіңіз! Себебі Сіз – қыпшақсыз. Бұл деректі қазақтар жақсы біледі әрі Сізді сыйлайды. Сондықтан атамекеніңізге келдіңіз деп айтсақ, артық болмайтын шығар. Менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңіз және Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысуға ниет танытқаныңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретіні сөзсіз. Сондықтан бүгінгі келіссөздер нәтижелі болатынына сенімдімін”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылатын