Tuesday, 14 May,2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Telegram-дағы Ақорда арнасының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. 

Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.

Ұсынылатын