Monday, 16 September,2024

Қасым-Жомарт Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Кездесу барысында Президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты6 деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі  жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.

 

 

 

Ұсынылатын