Saturday, 27 April,2024

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Uaqyt.info
Фото

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мұсылмандардың қасиетті мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Уақыт.кз.

 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Онда мемлекет басшысының қазақстандықтарды қасиетті мерекемен құттықтағаны айтылған.

 

"Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды "он екі айдың сұлтаны" деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылатын