- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Қасық ұстай алмай қалдым”. Жахан Отарғалиев ауыр дертке шалдыққанын айтты
“Қасық ұстай алмай қалдым”. Жахан Отарғалиев ауыр дертке шалдыққанын айтты
Uaqyt.info

Танымал актер Жахан Отарғалиев ауыр дертке шалдыққанын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Соңғы айларда денсаулығым сыр бере бастады. Бұл дертіме Қазақстаннан да, Қытайдан да ем таба алмадым. Дәл қазір қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсінбедім. Осыған байланысты барлық жұмыстарымды тоқтаттым. Енді осы аурудың емін іздеп Ыстамбұлға бара жатырмын”, - деп жазды Жахан Отарғалиев.