Қатарласын пышақтап өлтірген жасөспіріміге сот үкімі шықты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Семейде қатарлас досын пышақтап өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізде болса, жантүршігерлік оқиға 6 маусымда болған еді. Болмашы нәрсеге жанжалдасқан екі бала төбелесіп, оның бірі қатарласына пышақ сұғып алады. Соның салдарынан жарақат алған жасөспірім сол күні көз жұмды. Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған жас балаға адам өлтіргені үшін ҚК 99-бабының 3-бөлігіне сәйкес 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.