Saturday, 23 November,2024

Қатерлі ісікке шалдыққан актриса қалай емделгенін айтты

Uaqyt.info
Фото

Әнші әрі актриса Гүлмира Қоңырбаеваның сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққанына 15 жылдай уақыт болған. Дерті дендеп, өмірден үміт үзген әнші білікті дәрігерлердің арқасында аман қалдым дейді. Оның айтуынша, ондай мамандарды шетелден іздеудің қажеті шамалы, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әнші әрі актриса Гүлмира Қоңырбаеваның қатерлі ісікке шалдыққанына 15 жылдай болған. Осы уақыт ішінде ол бармаған жерім, қақпаған есігім қалмады дейді. Шипа іздеп шетел асып та көріпті. Ешқандай нәтиже бермеген соң, дәрігер Раевскийдің алдына келген. Содан бері денсаулығым айтарлықтай жақсарды дейді ол.

...

“Сүт безінің қатерлі ісігімен ауырғаныма 15 жылдай уақыт болды. Қанша химиятеропия алдым. Бармаған жерім жоқ. Осы кісінің алдына келгелі өзімді жақсы сезініп, жазылып келе жатырмын. Алла қалап, дертімнен құлантаза айғып кететініме сенімдімін. Қазір киноларға да шақырту алдым, концерттерге де шығып жүрмін. Ең бастысы емді үзбей, уақытылы қабылдау керек”, - деді Гүлнұр Қоңырбаева.

Раевскийдің алдына келіп, Гүлнұр секілді дертіне шипа тапқандардың саны аз емес. Дәрігердің айтуынша, клиниканың емдеу жүргізу тәсілі өзгелерге қарағанда ерекше.

“Қазіргі таңда онкологиялық аурулармен күресудің түрлі тәсілі бар. Біздің ем жүргізу әдісіміз өзгелерге қарағанда ерекше. Біз науқастардың психологиялық жағдайын ретке келтіру арқылы және түпсанамен жұмыс істеу арқылы емдеу жүргіземіз. Өйкені адамның ең әуелі психикалық жағдайы дұрыстамалмай оған ем қонбайды. Қандай дәрі-дәрмек берсеңіз де көмектеспейді. Ішкі жан дүниесін емдеп барып қана науқасты құлантаза қандай да болсын дерттен арылтуға болады. Бұл әлемде бар дәлелденген тәжірибе”, - дейді Дмитрий Раевский.

После чудес: онкопациенты жалуются на методы «волшебного доктора» Раевского  | Статьи | Известия

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Раевскийдің клиникасына қатысты шу шығып, ол қоғамда қызу талқыланған болатын. Емделіп жүрген науқастардың бірі қатерлі ісіктен көз жұмып, оған марқұмның туыстары дәл осы дәрігерді кінәлаған еді. Бірақ Дмитрий Раевскийдің бұған қатысты өз айтары бар.

“Ол науқас бізде емделіп жүргенде жағдайы тәуірленіп, аяққа тұрып келе жатқан болатын. Бірақ оның туыстары емдеуді кілт тоқтатып, 10 ай бойы хат-хабарсыз кетті. Кейіннен баланың жағдайы нашарлап, көз жұмғанын естідік. Сол кезде анасы шу шығарып, бізден 45 миллион теңге талап етті. Бұл жерде біздің ешқандай кінәміз жоқ. Менің айтарым – басталған емді соңына дейін жеткізу керек. Орта жолда үзуге еш болмайды. Бізге келіп, құлантаза айығып кеткен науқастарымыз өте көп”, - деді ол.

Соңғы 2 жылда жастардан қатерлі ісік жиі анықталып жатыр

Дәрігер ауыр дертке шалдыққандарға көмектесу үшін алдағы уақытта өз жұмысын жалғастырып, клиникалар желісін көбейтуді жоспарлап отыр. Ол ауруды жеңудің төте жолы – адамның түпкі санасында жатыр деп есептейді.  

 

 

 

 

 

Ұсынылатын