Friday, 20 September,2024

Қатонқарағайда орман өртеніп жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының Қатоқарағай ауданында орман алқабы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ШҚО ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше ормандағы өрт 17 маусымда «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағынан шыққан. 15 гектарды шарпып үлгерген тілсіз жауды өшіруге «Қазавиаорманды қорғау» қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ТЖД өрт сөндірушілері жұмылдырылды.

Барлығы 111 адам, 3 техника және ШҚО әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмыс істеуде. Жалынмен күреске жұмылдырылған адамдар сол жерге тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын