Friday, 20 September,2024

"Қатты керек болған ғой". Тойда едендегі ақшаны ұтамын деп бұты айырылған жігіт күлкіге қалды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Тойда едендегі ақшаны үрлеп ұту үшін әрекеттенген азаматтың шалбары айырылып кетті. Жұрт бұл жағдайға мәз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан бірнеше ер жігіттің еденге екпеттен жатқан сәтін көруге болады. Олар алдындағы ақшаны үрлеуі тиіс. Бірақ көп ұзамай қатты талпынған бірінің бұты айырылып кеткен.

"Ақша үшін артты жырту деген осы болар", - деп жазылған бейнежазбаға.

Желідег жұрт бұл жағдайға мәз. Басым бөлігі ер адамның шалбары айырылып кеткенін күлкіге айналдыруда.

Ұсынылатын