- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Қатыныңды алып кет". Алматыдағы мешіт алдында қайыр тілеген әйелдер төбелесті
"Қатыныңды алып кет". Алматыдағы мешіт алдында қайыр тілеген әйелдер төбелесті
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Алматыдағы Орбита ықшам ауданында орналасқан мешіт ауласында қайыр тілеген әйелдер байланысып қалды. Сөздеріне қарап олардың орынға таласқанын байқайсыз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан әйелдердің орынға таласып тұрғанын көруге болады. Бірі сондағы орамал таққан келіншекке басқа жаққа кет деп айғайлап тұр. Тіпті жанына келген ер адамға да ұрсып тастайды. Ақыр соңында қолына ұстаған темірмен жігітті ұрып жібереді.
"Қатыныңды алып кет, түсіндің ба. Мұнда тұрғызғанша бақ барып. Бұл жерде тұрмайсың. Қайыр тілетіп қойма. Бол, кет", - деп айғайлауда әйел.
Олардың бұл әрекетіне жазылған пікір көп. Басым бөлігі қол-аяқтары сау бола тұра қайыр тілейтін орынға таласқан әйелдерді сынға алған.