Saturday, 23 November,2024

Қауіп күшейіп барады: Украинадағы ең ірі су электр станцияларының бірі жарылды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Украинаның Херсон өңіріндегі Каховск СЭС-ы жарылды. Әзірге бұл жағдайға Ресей де, Украина да бірін-бірі кінәлап әлек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Украинадағы Каховск СЭС-ы бөгеті жарылды. Ондағы су қауіпті деңгейге жеткенінше 5 сағат уақыт берілген. Осы уақыт аралығында сол маңдағы елді-мекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріле бастады.

Соңғы деректерге сүйенсек, тасыған су екпіні бірнеше ауылды басып қалған. Ол қатарда Ивановка, Тоаревка, Белозерка, Никольский елді-мекендері бар.

Тіпті Жаңа Каховка қаласына да тасқын су жайылды. Салдарынан хайуанаттар бағындағы жабайы жануарлар түгелдей қырылып қалған.

Әзірге бұл жағдайға байланысты Ресей тарапы да, Украина да кінәні мойындарына алмады. Тек бірін-біріне сілтеп отыр.

Украиналық басылымдар дерегіне сүйенсек, су электрстанциясын Ресей тарапы Днепр өзенінің жоғарғы тұсынан жарды деп жазып жатса, Ресейліктер Украина бөгенді бомбалады деген пайымға тоқталуда.

СЭС Херсондағы ең ірі су қоймасы. Онда 20 мың куб шақырым су бар. Жағдай ушықса тек Херсон өңірі ғана емес, тұтас Қырым халқы ауыз сусыз қалады деген күдік басым. 

Ұсынылатын