- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Қаулы қабылданды: Билік сақал және хиджабпен күресетіндерді төсбелгімен марапаттайды
Қаулы қабылданды: Билік сақал және хиджабпен күресетіндерді төсбелгімен марапаттайды
Өзбекстанда енді діни бағытта мемлекет ұстанымы үшін күрескен ғалымдар мен қайраткерлерді «Діни толеранттық» төсбелгісімен марапаттау тәртібі бекітілді. Үкімет қаулыны 25 қыркүйекте қабылдаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Азаттықтың жазуынша, мұндай төсбелгі мемлекеттік және қоғамдық ұйым қызметкерлеріне, дінтанушыларға, халықаралық ұйымдар, дипкорпус өкілдеріне, ғалымдарға дінаралық келісімге үлес қосқаны үшін табысталады.
Төсбелгіні шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтар да ала алады. Белгі 16 қараша – Халықаралық толеранттық күні тапсырылады.
Төсбелгіден бөлек, марапатталған адамдарға 1,32 млн сом немесе 100 доллардан астам ақшалай сыйақы беріледі.
Халықаралық ұйымдар Өзбекстанда діни еркіндік жоқ екенін жиі айтып жүр. Мысалы, 2019 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстанды діни сенім бостандығын бұзатын елдер қатарына қосқан. Оның алдында 2018 жылы осы ұйым Өзбекстанды "дін еркіндігі саласында едәуір ілгеріледі" деп мәлімдеп, Өзбекстанды жоғарыда аталған тізімнен алып тастаған еді.
Ал осы күндері Ташкентте сақал қойған ер азаматтар мен хиджаб киген әйелдерді ұстап жатыр. Мұның алдында өзбек қалаларында азан даусын бәсеңдетуді талап еткен. Тіпті үкіметтің 10 қыркүйектегі жиналысында премьер-министр шенеуніктерге мешітке бармауды «ескерткен».