Sunday, 8 December,2024

Қауқардың қашқаны ма? Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңының атауын алып тастаған

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Іле Алатауындағы бұрындары бірнеше атауы бар шыңды тұңғыш президент есіміне берген еді. Енді сол шыңның атауын тыныш қана алып тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Алматы-2023" халықаралық альпинизм ойынының бағдарламасында Нұрсұлтан шыңы атанған Іле Алатауының шыңы қайтадан Алматы шыңы деп аталғаны байқалды.

Биіктігі 4376 метр болатын шыңның атауын өзгерту туралы ресми түрде ешкім хабарлаған жоқ. Дегенмен 8-9 шілдеде өткен "Алматы-2023" халықаралық альпинизм бағдарламасы тау шыңының 2023 жылдан бастап қайтадан "Алматы шыңы" деп аталатынын көрсетіпті.

"Мереке аясында Алматы қаласының аты аңызға айналған шыңы – Алматы шыңына (1930-1935 жылдары – Алматы шыңы, 1935-1997 жылдары – Комсомол шыңы, 1997-2023 жылдары – Нұрсұлтан) 4376 метр биігіне көтерілу болады", - делінген спорт шараның бағдарламасында.

Айта кетейік, бұрындары бұл шыңның атауы көп болған. Соның бірін альпинистер "Кіші Алматы шыңы" деп атаушы еді. 1997 жылдан бастап тауға Қазақстанның тұңғыш президентінің есімі берілді.

Ұсынылатын