Friday, 20 September,2024

Қаза тапқан орманшылардың отбасыларына Семейден пәтер берілді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Абай облысындағы орман өртінен көз жұмғандардың отбасыларына пәтер кілті тапсырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыс әкімдігі бүгін орман өртінен қаза тапқан 14 адам және тракторшы Архиповтың отбасына Семейден жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

"Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден және әрі балаға 2 млн теңгеден берген болатын.

Ұсынылатын