Thursday, 19 September,2024

Қаза тапқан полицейлердің балалары Ыстықкөлге демалысқа кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары демалысқа аналарымен бірге кетті, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, демалушылар санатына құқық қорғау органдарының көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар да кірген.

“Біздің игі бастамамызды кейбір жанашыр азаматтар бірден қолдады, шын жүректен ризашылығымызды, алғысымызды білдіреміз. Балалар екі кезеңде демалады. Ол тек теңіз жағасында демалуды ғана емес, сонымен қатар ойын-сауық, интеллектуалдық, шығармашылық қызығушылықты қамтиды. Сонымен қатар қызықты экскурсиялар жоспарланған. Жалпы он күндік демалыс бағдарламасы өте қанық және балалардың жас санатына арналған. Айтпақшы, бұл жаңа оқу жылының алдында тек демалып қана қоймай, күш-қуат, жағымды эмоциялар мен әсер алуға жақсы мүмкіндік”, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Аниматорлар, сиқыршылар, фуршет үстелі, туристер жинағы балаларды таң қалдырды. Бірақ көбіне жасөспірімдер полиция техникасының көрмесіне қызығушылық танытты. Ұлдар мен қыздар мото-патруль мен сапердің киімдерін киіп көрді.

 

 

Ұсынылатын